Бастапқы бет

 

Атакан Варол

Сүрет: 
Академиялық істіктер: 

Зерттеуші / Робототехника және Механотроника кафедрасының ассоциациялық профессоры

Хусейн Атакан Варол

PhD, Электрондық Инжинирингі, Vanderbilt Университеті, 2009
MSc, Электрондық Инжинирингі, Vanderbilt Университеті, 2007
BSc, Мехатроника Инжинирингі, Sabanci Университеті, 2005

Зерттеулер тарихы мен жетістіктері
А2005 жылы Сабанчи Университетінде (Стамбул қ. Түркия) Мехатрондық инженерия саласында жоғары білім алғаннан кейін ғылыми жетекші Вандербилт Университетінде, АҚШ PhD докторантурасында профессор Майкл Голдфаб жетекшілігімен электр инженериясы саласында оқыды. Оның PhD жобасы тізе-табан буынының роботталған протезін супервизорлық басқаруға арналған. PhD деңгейін 2009 жылы алғаннан кейін ол ғылымип жетекші болып, содан кейін Вандербилт Университетінің Механикалық инженерия департаментінде ассистент-профессор-зерттеуші болып жұмыс істеді. Ол зиыткерлік мехатроника орталығының мүшесі болды, онда докторанттар мен магистранттарды оқытты, сондай-ақ қол мен аяқтардың оңалту құрылғыларын әзірлеу барысында инженер-зерттеушілерге жетекшілік етті. Вандербилт Университетте 2005-2011 жж. ішінде ғылыми жетекші зерттеуші мен қоса жетекшілік етуші ретінде бірнеше жобаларға қатысты.
• Қол протезін мультиатқарымдық миоэлектрлік басқару және тиімділігін бағалау
(Multigrasp Myoelectric Control of a Hand Prosthesis, and Assessment of Efficacy)
Ұлттық денсаулық институты (NationalInstitutesofHealth (NIH)), США - R21HD068753
Роль: қоса жетекшілік ету
Жоба нәтижелері көптеген патенттер, реферлинетін журналдар мен конференция жинақтарында жарияланымдар түрінде ресімделген. Жоба нәтижелері (ноу-хау және зияткерлік меншік) қол протезінің пакетінде болды, оны пайдалану лицензиясы Вандербилт Университетімен Orthocare Innovations компаниясына сатылды. Атакан Хусейн Варол Orthocare Innovations компаниясымен лицензияланған зияткерлік меншіктің екі негізгі иесінің бірі болып табылады. Бұл компания қазіргі уақытта осы өнімді 2013 жылы рынокқа шығарумен жұмыс істеп жатыр.

• Кросс жамбасы алып тасталған мүгедектердің биометриялық жүруіне арналған роботталған протез (Robotic Prosthesis for Biomimetic Locomotion in Transfemoral Amputees) Ұлттық денсаулық институты (NationalInstitutesofHealth (NIH)), СШАR01EB005684-01 Роль: зерттеуші ретінде бастады, қоса жетекші ретінде жалғастырды.
Атакан Хусейн Варол өзінің PhD жұмысын осы жоба шеңберінде орындады. Жоба зияткерлік механикаландырылған аяқ протездерін заманауи технологиялар негізінде іске асыруға болатынын көрсетті. Жоба нәтижелері көптеген патенттермен ресімделген, сондай-ақ халық пен инвесторлардың ауқымды назарын өзіне аударды. ноу-хау жобаны пайдалануға арналған лицензия Freedom Innovations компаниясына сатылды. Атакан Хусейн Варол мәнділігі бойынша Макла Гольдфаб профессорынан кейін екінші зияткерлік меншік иесі болып табылады (табыс бөлімі бойынша келісім негізінде). Freedom Innovations компаниясы қазіргі уақытта 2014 жылы рынокқа осы роботталған протезді шығаруға жұмыс істеп жатыр.

• Механикаландырылған аяқ протездеріне арналған нейронды интерфейс әзірлеу:
(Development of a Neural Interface for Powered Lower Limb Prostheses)
Телемедицина мен алдыңғы технологиялардың зерттеу институты
(Telemedicine and Advanced Technology Research Center (TATRC)), США - W81XWH-09-2-0020. Роль: зерттеуші

Бұл жоба биомехатрондық құрылғыларға арналған жақсартылған нейронды интерфейс құру мақсатында Солтүстік батыс университетінің бионикалық медицина орталығында (Northwestern University Centerfor Bionic Medicine) өткізілді. Атакан Хусейн Варол Вандербилд Университетінің механикаландырылған аяқ протездерінің ноу-хауын Солтүстік батыс университетінің (Чикаго қ., АҚШ) зерттеушілеріне беруді ұйымдастыруға жауапты болды. Жоба нәтижелері 1 патент және реферирленетін журналда бір жарияланым түрінде ресімделді. Жоба бөлігі аяқ протездерін коммерциялау пакетінде болды, оны пайдалану лицензиясы Freedom Innovations компаниясына сатылды.
Атакан Хусейн Варол механикалық жүйелерді компьютерлік дизайнінің, кірістірілген микропроцессор жүйелерін, басқару, бергіштер, атқару құрылғылары мен машиналық оқыту жүйелерінің алдыңғы қатарлы дағдыларына ие мехатроника саласында тәжірибелі инженер болып табылады. Ол робототехника, мехатроника және оңалту саласында жетекші журналдарда белсенді жарияланады. Оның жұмыстарынан қоса орындаушылар мысалдар алады (http://scholar.google.com/citations?user=NYdtGTwAAAAJ&hl=en), ол оңалту робототехникасы бойынша халықаралық конференциясында үздік жұмысы үшін сыйлық иегері болып табылады (2009 ж.). Робототехника мен мехатроникамен байланысты бес жарияланымдары мен патенттері төменде берілген:
1. M. Goldfarb, H.A. Varol, F. Sup, J. Mitchell, andT.J. Withrow, PoweredLegProsthesisandControlMethodologiesforObtainingNearNormalGait, Алдын ала патент 2008 жылы сәуірде берілді, АҚШ патенті 2009 жылы сәуірде берілді, АҚШ патенті (US 20090265018).
2. M. Goldfarb, H.A. Varol, S.A. Dalley, and T.E. Wiste, Control System for Jointed Mechanical Devices, 2009 жылы тамызда берілді., АҚШ патенті (WO Patent WO/2011/022,572, 2011).
3. F. Sup, H.A. Varol, and M. Goldfarb, “Upslope Walking with a Powered Transfemoral Prosthesis,” IEEE Transactions on Neural Systems and Rehabilitation Engineering, т. 19, №.1, 71-78-бет, 2011. (үздік жұмыс үшін сыйақы ICORR 2009)
4. H.A. Varol, F. Sup, and M. Goldfarb, “Real-Time Multiclass Intent Recognition of a Powered Transfemoral Prosthesis,” IEEE Transactions on Biomedical Engineering, т. 57б №3, 542-551-бет, 2010.
5. F. Sup, H. A. Varol, J. Mitchell, T. J. Withrow, and M. Goldfarb, “Preliminary Evaluations of a Self-Contained Anthropomorphic Transfemoral Prosthesis,” IEEE/ASME Transactions on Mechatronics, т. 14, № 6, 667-676-бет, 2009.

Атакан Хусейн Варол жұмысын Назарбаев Университетінің Робототехника және мехатроника департаментін 2011 жылы тамызда құраушы – профессорлық-оқытушылар құрамының мүшесі ретінде бастады. Атакан Хусейн Варол ғылыммен белсенді айналысады және қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде мына жобалармен жұмыс істеп жатыр:
• Доңғалақты және аяқты негізде синергетикалық қозғалуды зерттеуге арналған будан төрт аяқты робот платформасы (өтінім 2011 ж. берілді, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2012-2013 жж жобаны гранттық қаржыландыру алынды), роль: ғылыми жетекші, аяқталу мәртебесі: жалғасып жатыр.
• Биомедициналық қосымшаларға арналған динамометрлік қондырғыны әзірлеу және практикалық іске асыру (Назарбаев Университетінің 2012 ж арналған басты гранты), роль: ғылыми жетекші, аяқталу мәртебесі: жалғасып жатыр.
• Лазерлік қашықтық өлшеуге арналған бұралма платформаны пайдаланып сенсор деректерін өңдеу алгоритмдерін зерттеу (Назарбаев Университетінің 2012 ж арналған басты гранты), роль: қоса жетекшілік ету, аяқталу мәртебесі: жалғасып жатыр.

Байланысу ақпараты:
E-mail: ahvarol@nu.edu.kz
Жұмысшы телефон: +7 7172 706561