Бастапқы бет

 

Назарбаев Университетіне сапары кезінде Елбасы ARMS лабораториясының үш жобасымен таныстырылды

ARMS лабораториясының зерттеушілеріне коммерциялануға жарайтын өздерінің ғылыми жұмыстарын Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа НУ-нің технопарк алаңында көрсетуі үлкен құрмет болды. Ғылыми жетекші - профессор Атакан Варолдың үш ғылыми жобасын ARMS лабораториясының зерттеушісі, әрі Болашақ бағдарламасының түлегі, Артур Саудабаев таныстырды.
Таныстыру рәсімі Биржан Нуримбетов пен Омар-Саян Қарабаевтың (екеуі де Болашақ бағдарламасының түлектері) өздерінің мобилді манипуляторларға арналған инерциялы қозғалысты өлшеу негізіндегі телебасқару жүйесін жұмыс істеп тұрған кезінде көрсетумен басталды. Олар бұл ғылыми жұмыстың KUKA Innovation Award 2014 байқауының финалисті болғанын және Германияның Munich қаласында өткен Automatica Expo байқауына қатысқанын айтып өтті. Президент осы технологияның қарулы күштер мен іздеу-құтқару жұмыстарына жарайтынын атап өтті.
NURIS-тің кіші ғылыми зерттеушісі, әрі Болашақ бағдарламасының түлегі, Алтай Жакатаев қаттылығы өзгермелі буындары бар роботтарға арналған жабық-тізбекті басқару стратегиясын көрсетті. Профессор Атакан Варол мен Доктор Маттео Рубаготтидің басшылығымен іске асып отырған бұл ғылыми жобаға жақында ғана Білім және Ғылым Министрлігінің ғылыми гранты арқылы үш жылға қаражат бөлінді. Президенттің осы ғылыми жобаның қандай салаларда қолданылатыны жайында қойылған сұраққа, Алтай, бұл технологияның жаңа заманауи протездерді құрастырып жасауда үлкен маңызы болады деп жауап берді. Сонымен қоса келешекте тізе протезін құрастырып, жасап, оны коммерциялизациялауға үміт артатынын атап өтті.
Робототехника департаментінің жоғарғы курс студенттері, Фараби Кунгожин мен Нұрсұлтан Иманбердиев, өздерінің көп-ұстағыш робот қолына арналған миоэлектрлік басқару технологиясын көрсетті. Олар өздерінің магистрлік және докторлық оқуларын НУ-да жалғастыруға қалайтындарын және өздерінің ғылыми жұмысын интернетке негізделген компания арқылы коммерциялизациялауды ойластырып жүргенін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев студенттерден техникалық сұрақтар сұрап, оларға әрі қарай жұмыс жасауға қолдау көрсетті.
Энергетика Министрі Владимир Школьник, Білім және Ғылым Министрі Аслан Саринжипов, Президент Администрациясының басшысы Нурлан Нигматуллин, Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев және Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу Президентпен бірге болды.
ARMS лабораториясының ғылыми жетекші, профессор Атакан Варол, өзінің қарамағындағы зерттеушілерін: Бауыржан Аубакир, Олжас Адиятов, Денис Фадеев, Фараби Кунгожин, Нұрсұлтан Иманбердиев, Биржан Нуримбетов, Омар-Саян Қарабаев, Андрей Сакрюхин, Артур Саудабаев, Абзал Сереков, Дамир Темиралиұлы, Ильяс Тұрсынбек, Алтай Жакатаев, аталған Президенттің көрсетіліміне қатысқаны үшін құттықтап, алғысын білдіреді.

Presidential Visit Presidential Visit
Presidential Visit Presidential Visit
Presidential Visit Presidential Visit