Бастапқы бет

 

ARMS LAB мүшелері Жапонияның Такамацу қаласында өткен IEEE ICMA 2013 конференциясына қатысты

Бакалаврда оқитын практикант Олжас Адиятов, ғылыми зерттеушілер Жанат Қаппасов пен Артур Саудабаев және ARMS LAB-тың басты зерттеушісі доктор Атакан Варол Жапонияда өткен IEEE ICMA 2013 мехатроника мен автоматика халықаралық конференциясына қатысып келді. Аталған конференция Кагава ауданындағы Такаматсу порт-қаласында тамыздың 4-7 аралықтарында өтті.

ARMS LAB мүшелері осы конференцияда 3 мақала жария етті. 5 тамызда бакалавр зерттеушісі Олжас Адиятов өзінің "Rapidly exploring random tree based memory efficient motion planning" мақаласына презентация өткізді. Ал 7 тамызда өздерінің зерттеулеріне байланысты жазылған "Semi-Anthropomorphic 3D Printed Multigrasp Hand for Industrial and Service Robots" және "An Intelligent Object Manipulation Framework for Industrial Tasks" мақалаларын сәйкесінше Жанат Қаппасов пен Артур Саудабаев жария етті. Конференцияға қатысқан зерттеушілер осы мақалаларға жоғарғы деңгейде қызуғышылық пен назар көрсетті.

ICMA2013 ICMA2013
ICMA2013 ICMA2013
ICMA2013 ICMA2013