Бастапқы бет

 

ARMS лабораториясында 10 студент өздерінің жазғы практикалық тәжірибелерін аяқтады

ARMS лабораториясында 2013–ші жылдың жазғы практикасы аяқталды. Жазғы Маусым және Шілде айларында бірінші және екінші курстың 10 студенті (Фараби Күнғожин, Бауыржан Әубакір, Дамир Нұрсейітов, Ангелина Гербольт, Денис Фадеев, Тасболат Тауниязов, Олжас Адиятов және Андрей Сакрюкин) гибрид дөңгелек – аяқты квадропед, әр-түрлі тәсілмен ұстай алу қабылеті бар роботтандырылған қол және инерциялық қозғалыс қармау системасымен жүзеге асырылған телебасқару жобаларына белсене қатысты.

Студенттер Робототехника және Мехатроника әлемінің кіріктірме жүйелер және бағдарламалау, роботтық жүйенің әрлемі және дамуы, компьютерлік 3D, 3D принтер қолдану салаларында жоғары деңгейдегі тәжірибе алды. Мұндай техникалық дағдылар ғана емес, топтық жұмыс және өзекті мәселелерге шешім таба алу қабілетіне де үйренді.

Үшінші курстың студенті Фараби Күнғожинның айтуы бойынша, жазғы практика кезінде оқу уақытында алған білімін іс-жүзінде қолдана алды.

Дамир Нұрсейітов, екінші курс студенті, квадропед роботының жүріс-тұрысы үшін жауап берді. Дамир мұндай озық зерттеуге қатысқанына өте риза.

Қозғалыс қармау системасымен басқарылатын қимылды робот жүйесіне Ангелина Гербольт адамға икемделген басқару жүйесін құрастырды. Ангелинаның айтуы бойынша, жазғы практика оның Робототехника саласында жұмыс таңдауына және кейінгі оқуына зор үлес қосты.

Студенттердің жазғы практика кезіңде атқарған жұмыстары ARMS лабораториясының басылымдарында өз орының табады және студенттер бұл мақалаларға со-авторлық деңгейіне ие болады.

ARMS Лабораториясы түгел Робототехника студенттеріне келе жатқан академикалық оқу жылында табыстар мен жеңістер тілейді және келесі жылғы жазғы практикада студенттерді құшақ жая күтеді!

2013 summer internship 2013 summer internship
2013 summer internship 2013 summer internship
2013 summer internship 2013 summer internship
2013 summer internship 2013 summer internship